Балаларыңыздың алдында атыңызға кір келтірмеңіз Тәжікстанда бақсы балгерлердің, жезөкшелердің және олардың клиенттерінің базасы жасалады

21.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Тәжікстан тұрғындарын бақсы-балгерлерден және халықты алдаумен айналысатын басқа да тұлғалардан аулақ болуға шақырды. Республика ІІМ мұндай адамдардың, сондай-ақ олардың клиенттері мен жақын туыстарының деректері арнайы базаға енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Базаға кімдерді енгізу жоспарланған?

Тәжікстан ІІМ хабарламасына сәйкес, арнайы есепке бақсы-балгерлердің, қаңғыбас жалған молдалардың, жезөкшелердің, олардың клиенттері мен жақын туыстарының, есірткіге тәуелділердің, сондай-ақ осыған ұқсас әрекеттерге қатысы бар басқа да тұлғалардың аты-жөндері енгізіледі.

Аталған санаттағы азаматтар тұрақты бақылауда болады. Тиісті құрылымдардың сұрауы бойынша олар туралы ақпарат бөлек ұсынылатын болады.

ІІМ азаматтарды абыройын сақтауға шақырды

Тәжікстан ІІМ азаматтарды жоғарыда аталған санаттағы адамдармен байланыс жасамауға шақырды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарды арнайы есепке алынбау үшін және өз балаларының алдында абыройын төкпеу үшін аталған санаттағы тұлғалардан аулақ болуға шақырады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстандағы азаматтардың күнделікті өміріне қатысты ерекше бастама туралы хабарланған болатын. Ел тұрғындарына жұмыс орнында күн сайын 20 минут дене жаттығуларымен айналысу міндеттелді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью