Балалы болдық : Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын жеткізді

25.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Актриса, продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бір отбасының балалы болуына қолдау көрсеткен. Актриса 2025 жылы «Мәриям» қорына хабарласып, есту қабілеті төмен әрі сөйлеу мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылардың ата-ана атануына көмектесуді қалаған.

«Балалы болдық. Адамның бір керегіне жарау, қуанта білу, қиналса қолтығынан сүйеу, менің жүрегіме қатты жақын. Ақ көңіл, ішкі мәдениеті жоғары, адамдарды, көргенде елжіреп кетемін. Пайдалы бол, бола алмасаң кедергі жасама дейтін сөзді көп естідім. Рас! 2025 отбасын қуантқым келіп, Мәриям қорына хабарласқан, есту қабілеті төмен, сөйлей алмайтын, жанұяға балалы болуларына көмек бердім. Біріншісі түсік болды... Дәрігерлер болмады деп жібере салмай, қайта емдеп, бар күшін салды! Бесінші «подсадкадан» көтерді. Білікті маман деген осы болар. Міне, бір отбасы балалы болды, шүкір. Қуандым. Марқайдым. Шүкір дедім», - дейді актриса.

Сонымен қатар Дариға Бадықова бала сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсету үшін тұрақты түрде садақа аударып тұратынын айтты және көпшілікті игі іс жасауға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью