Баламалы энергетика жөніндегі заң жобасын қарайды

07.11.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Келесі сәрсенбіде депутаттар Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайыловтың ғылымды дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы және жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті аударымдары есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс­тарды қаржыландыру тетігінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытын­дылары туралы есебін тыңдайды.

Күн тәртібіне баламалы энергетиканы дамытуға қатысты заң жобасы да енгізілді. Құжат электр энергиясын жинақтау жүйе­лерін бірыңғай электр энергетикалық жү­йеге қосудың құқықтық негіздерін қалып­тастыруды көздейді.

Сондай-ақ инвесторлардың мүдделерін қорғау және жаңартылатын энергия көздері нарығын дамыту мақсатында бизнес субъектілері арасындағы келісімдер жасасу тетігін жетілдіру ұсынылады. Заң жобасында жел, күн және геотермалдық энергияны пайдалану мәселелері қам­тылған. Бұдан бөлек, баламалы энергетика технология­ларын жылумен жабдықтау саласына енгізу көзделеді.

Аталған бастамалар Мемлекет басшы­сының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақ­станның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген энер­гетикалық қауіпсіздікті нығайту, цифрлан­дыруды жеделдету және технологиялық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі міндет­терді іске асыру аясында әзірленген.

Құрылтай отырысының күн тәртібіне Халықаралық жүк тасымалдау шарты туралы конвенцияны және оған электрон­дық жүкқұжатқа қатысты Қосымша хат­та­маны ратификациялау туралы екі заң жо­басы да енгізілді.

Конвенция халықаралық жүк тасы­малдау шарттарын жасасу мен орындаудың бірыңғай қағидаларын белгілеп, тасымал­даушылардың жауапкершілігін реттейді. Оны ратификациялау Қазақстанның халықаралық көлік-логистика саласын­дағы ынтымақтастығын нығайтуға және жүк тасымалдау рәсімдерін біріздендіруге мүм­кіндік береді.

Ал электрондық жүкқұжатқа қатысты Қосымша хаттаманы ратификациялау халықаралық автомобиль тасымалында электрондық құжат айналымын енгізудің құқықтық негізін қалыптастырады. Бұл жүк тасымалдау рәсімдерін цифрлан­дыруға, бақылау уақытын қысқартуға, сондай-ақ құжаттарды басып шығару мен өңдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкін­дік береді. Нәтижесінде отандық автокөлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі артады.

Бюро отырысында Құрылтай депутат­тарының заңдарға мониторинг жүргізу қағидалары да қаралды. Сонымен қатар бюро Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Кибер­қылмысқа қарсы конвенциясы бойынша қорытынды әзірлеуді тапсырды. Құжат ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар­дың алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттердің осы бағыттағы халық­аралық ынтымақ­тастығын нығайтуға бағыт­талған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью