Баланы 1 сыныпқа дайындауға кететін шығын азаяды

18.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1-сынып оқушыларын дәптермен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алдағы уақытта мектепте оқу бағдарламаларының ғана емес, оқулықтардың да мазмұны қайта қаралады.

"Сонымен бірге, жыл сайын 1-сынып оқушыларын негізгі пәндердің жұмыс дәптерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұндай тәсіл сапаға бағытталған, заманауи әрі тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыруға зор мүмкіндік", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал 5–9 сыныптар деңгейінде іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқытуға басымдық беріледі.

"Сонымен бірге, 8–9 сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәнін аптасына 2 сағат көлемінде қайта енгізу қарастырылуда. Оқу бағдарламалары іргелі білімді кезең-кезеңімен нығайтуға арналады", - деп толықтырды министр.

Оның айтуынша, жоғары сыныптарда барлық негізгі пәндерді міндетті түрде оқыту заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью