Баланы басқа балабақшаға қалай ауыстыруға болады және кезектегі орынды қалай жоғалтпау керек

30.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Балабақша кезегі – қазақстандық ата-аналар үшін өзекті мәселелердің бірі. Бірақ орын алып қойған соң, басқа ауданға көшіп кетсе не істеу керек? Немесе балабақша қандай да бір себептермен балаға ұнамаса ше? Баланы басқа бақшаға тез ауыстыруға бола ма, әлде кезекті қайтадан күту керек пе – Tengri Education материалынан оқыңыз.

Кезекке қайта тұрмай балабақшаны ауыстыруға бола ма?

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, бір мемлекеттік балабақшадан екіншісіне тікелей "ауыстырудың" ресми процедурасы жоқ, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі редакцияның ресми сауалына сауалына берген жауабында. Балабақшаны ауыстыру үшін ата-аналар процедураны қайтадан өтуі керек:

Құжаттарды алып, баланы қазіргі балабақшасынан шығару. Әкімдіктің цифрлық жүйесі арқылы кезекке тұруға қайта өтінім беру. Кезек келгенде жалпы негізде жаңа орын алу. Баланы балабақшаға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет?

Баланы мектепке дейінгі ұйымға ресімдеу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Өтініш (белгіленген нысан бойынша толтырылады). Профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны). Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны). Медициналық анықтама (№ 027/е нысаны).

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысының электронды көшірмесі қажет.

Жеңілдікті кезек алу үшін:

Әскери қызметшілердің, сондай-ақ арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін жұмыс орнынан анықтаманың электронды көшірмесі. Педагогтер мен медицина қызметкерлері үшін жұмыс орнынан анықтама. Баланы "Күту парағы" арқылы қалай ауыстыруға болады

Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жүріп жатқанын атап өтті. Онда "Күту парағы" функциясы қарастырылған. Бұл ата-аналарға қазіргі орнын жоғалту қаупінсіз, қалаған балабақшасына ауысуға өтінім беруге мүмкіндік береді.

Анықтама: Күту парағы - бұл балалары ваучер бойынша балабақшаға қабылданып, оған барып жүрген, бірақ ваучер алу кезінде бос орын болмаған басқа мектепке дейінгі ұйымға ауысқысы келетін ата-аналарға арналған арнайы сервис.

"Күту парағына" қалай өтінім беруге болады? Ваучерлік механизм жұмыс істейтін әкімдігіңіздің цифрлық жүйесіндегі жеке кабинетке кіріңіз. "Күту парағы" бөліміне өтіңіз. "Күту парағына тұру" батырмасын басыңыз. Баланы таңдап, қалаған балабақшаны және оқыту/тәрбиелеу тілін көрсетіңіз. Мәліметтерді тексеріп, дербес деректерді өңдеуге және контактілерді пайдалануға келісім беріңіз. "Өтініш беру" батырмасын басыңыз.

"Өтініш бергеннен кейін ата-ана оның мәртебесін ақпараттық жүйенің жеке кабинетінде бақылай алады. Жаңа мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін жиынтықтау күту парағынан емес, орын алу кезегінде тұрған балалардың арасынан жүргізіледі", – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі.

Егер таңдалған балабақшада бос орындар болмаса, ата-ана күту парағына өтінім бере алады. Бұл үшін отбасында бар ваучер қажет.

Орын босаған кезде жүйе тізімде бірінші тұрған ата-анаға хабарлама жібереді. Жауап беруге бір жұмыс күні беріледі. Егер ата-ана осы мерзімде жауап бермесе, оның өтінімі күту парағынан алып тасталады, ал хабарлама кезектегі келесі адамға жіберіледі.

Қызметтен қашан бас тартылуы мүмкін?

Келесі жағдайларда қызмет көрсетуден бас тартылады:

Бала осы немесе басқа өңірде балабақша кезегінде тұрған болса. Ерекшелік – шипажайлық және арнайы балабақшалар мен арнайы топтардағы кезектер. Бала осы немесе басқа өңірде балабақшаға барып жүрсе және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын алып отырса. Ата-ананың қызмет алғысы келетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркеуі болмаса. Ірі қалалардың агломерацияларына кіретін жекелеген елді мекендер үшін, сондай-ақ шипажайлық және арнайы балабақшалар мен топтарға берілетін өтінімдер үшін ерекшеліктер бар. Ата-ана қажетті дербес деректерге қол жеткізуге келісім бермесе.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда баланы басқа мектепке қалай онлайн ауыстыруға болады: нұсқаулық

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью