Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан облысының шалғай ауылдарында білім алып жатқан оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, заманауи мәселелерге үн қоса ізденімпаздығын танытып келеді. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қалалық құрдастарымен қатар бәсекеге түсуі – білім сапасы мен ақпаратқа қолжетімділіктің артып келе жатқанын білдіреді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша
1,1 млн-нан астам оқушының білім алу жағдайы жақсарған.
Иә, ауыл балалары көбіне өз өңірінің экологиялық, ауыл шаруашылығы немесе әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған практикалық жобаларды ұсынады. Мысалы, Отырар ауданы, Мыңшұқыр ауылындағы Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Рауан Өсербай «Биомассадан белсендірілген көмір алу және оны суды тазартуда қолдау» жобасын ұсынған. Ал Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Бақытжан Маратұлының «Табиғи бояу қосылған крахмал мен сүт ақуызы негізіндегі биопластик әзірлеу» жобасы, Жетісай ауданының №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ақберді Бақдәулеттің «Смартфон арқылы күбі пісу» жобасы ауыл жастарының арасынан болашақ ғалымдар мен инноваторларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясында қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді маңызды міндет ретінде атап көрсетті. «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек», деді Президент. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде облыстағы ауыл мектептерінің балалары республикалық жалпы пәндер олимпиадасында да өте жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Мысалы, 2025 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында Түркістан облысының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды. 2025–2026 оқу жылында облыс бойынша олимпиадаға қатысуға 21 516 оқушы тіркелген, бұл өңірдегі білімге деген зор құштарлықты дәлелдейді. Ауыл балалары тек гуманитарлық емес, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша да жүлделі орындардан көрініп келеді. Атап айтсақ, Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы мектептің оқушысы Ұлту Қалдыбай ағылшын тілінен ең жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин мектебінің оқушысы Балауса Амангелді информатика пәнінен өте жоғары нәтижемен І орын алды. Қазығұрт ауданы, Қаржан ауылының 1 мамыр жалпы білім беретін мектептің оқушысы Айша Мұқтарқызы физика пәнінен ІІ орынды иеленді, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов.
Білім сапасының 3 жыл ішіндегі динамикасына талдау жасау нәтижесінде өсу үрдісі байқалған. Халықаралық мектептерге арналған PISA- 2024 (PBTS) зерттеуіне облыс бойынша 147 білім беру ұйымынан 5 840 білім алушы қамтылған. Зерттеу нәтижесі бойынша орташа көрсеткіштен +34 балға жоғары болды. Білім басқармасының мәліметіне қарағанда, жаратылыстану сауаттылығы бойынша орташа көрсеткіш 12 балға төмендеген, ал математика сауаттылығы бойынша 65 балға жоғары, оқу сауаттылығы бойынша 46 балға жоғарылау анықталды. Облыс көлемінде үш бағыт бойынша ауыл мектептері жоғары нәтижелер көрсеткен. Атап айтқанда оқу сауаттылығы: қала – 428,5 , ауыл – 504 (орташа балы – 393,8); математикалық сауаттылық: қала – 383,55, ауыл – 391,8 (орташа балы – 456,2); жаратылыстану сауаттылығы: қала – 365,94 , ауыл – 379 (орташа балл – 377,1). Бұл көрсеткіштер де біраз жайтты аңғартады. Жалпы, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты жою мақсатындағы «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасына биыл қаңтардан бастап 24 тірек, 79 шағын жинақты мектеп бекітілді. «Жол картасы аясында тірек мектептерге бекітілген шағын жинақты мектептердің әлеуетін көтеру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ облыста орта білім мекемелерін техникалық қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік кабинеттерді тиісті деңгейде жабдықтау, оқу сыныптарына интерактивті тақталарын орнату және қосымша мектепте қолданатын ноутбук, планшет сынды құрылғылардың жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысты бақылау және мониторингілеу бағытында білім басқармасында ЖИ енгізуге жауапты маман, облыстық білім беруді дамыту орталығында жауапты басшы орынбасары бекітілді. Облыстық білім беруді дамыту орталығының ережесіне өзгерістер енгізіліп, «Білім мазмұнын талдау және цифровизация» бөлімінің құрылымына «жасанды интеллект» функционалдық қызметтері енгізілді. Биыл өңірдің 12 850 педагогін біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалар тізімінде «цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану» курсы бар. Оған қоса, облыста білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жаңа әдістемелерді енгізу үшін жаңа оқу жылында мектептерде қанатқақты жоба ретінде «BilimLand», «Bilim.app», «EDUSER», «WONK» платформалары жұмыс істеуде», дейді Ғалымжан Орынов.
Бүгінде облыс бойынша 1 116 мектепте 556 862 оқушы білім алып жүр. Ал қосымша біліммен қамтылған оқушылардың жалпы саны – 472 347. Яғни облыстағы балалардың басым бөлігі түрлі бағыттағы үйірмелер мен секцияларға тартылған. Мысалы, көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша облыс аумағындағы 2 966 үйірмеде
184 405 оқушы қамтылған. Бұл бағыттағы қосымша білім беру мекемелері арқылы 29199 бала қамтылғаны тіркелген. Пікірсайыс қозғалысы аясында 864 клуб жұмыс істейді, оған 33 200 оқушы қатысып жүр. Сонымен қатар мектеп парламенті қызметі 838 мектепте ұйымдастырылып, 77 319 оқушыны қамтыған. Спорттық бағытта облыс бойынша 6 161 спорт үйірмесі мен секциясы жұмыс істейді. Аталған секциялар арқылы 146 913 оқушы тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Басқарма басшылығы алдағы уақытта үйірмелер санын арттыруды, ауылдық елді мекендерде жаңа бағыттар ашып, цифрлық, техникалық үйірмелерді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Өңірдегі білім беру ұйымдарында биыл 215 531 бала бір реттік тегін тамақтану құқығына ие. Оның ішінде – 60 770 бала осал топ отбасыдан, 154 761 оқушы бастауыш сыныпта білім алады. Министрлік талаптарына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ас мәзірі дайындалып, білім беру ұйымдарына жолданған. Дегенмен бұл бағытта кемшіліктер де жоқ емес. Бала құқығын қорғау мақсатында мектеп асханаларының тиісті талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізген облыстық прокуратура дерегінше, 70 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарылып келгені анықталды. Бүгінде 12 мыңнан аса бала білім алатын 50 мектеп тексеру қорытындысын алған. Мектептердің әкімшілігі мен кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.
Түркістан облысы
Соңғы жаңалықтар
Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:58
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:43
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Экономика • Бүгін, 12:33
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 12:09
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17