Баланың бетінен ұрған: Теміртаудағы балабақшада шу шықты

24.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Теміртау қаласындағы "Айгөлек" балабақшасында тәрбиеші баланы бетінен ұрған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Ақ параққа әлденені жазбақ болған бүлдіршінге үйретіп отырған тәрбиеші оны бірнеше рет ұрады.

Бұл жағдай туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, балалар балабақшада өзін қауіпсіз сезінуі тиіс, қорқыныш емес, қамқорлық кезінуі керек. Тәрбиеші жұмыстан шығарылған. Бұл туралы Теміртау қалалық білім бөлімі мәлімдеді.

"Бұл факті бойынша комиссия құрылып, болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, объективті және толық анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды, директорғатәртіптік жаза қолданылды", - дейді білім бөлімінде.

Еске сала кетейік, күні кеше Ақтөбе облысы Шалқар ауданында да 12 ата-ана балабақшадағы тәрбиешілерге қатысты шағым түсірген. Ол жерде де тәрбиеші мен күтуші бүлдіршіндерді ұрып-соққан.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью