Баланың ернінен сүйген: астаналық қыздың әрекеті қоғам наразылығын тудырды

06.10.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде баланың ернінен сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсті. Полиция бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда қыздың көлікте бүлдіршіннің ернінен сүйгені көрінеді. Видео қоғам арасында наразылық тудырды.

Полицияның мәліметінше, қыз – баланың анасының құрбысы.

"Бұл факт бойынша баланың анасының құрбысы саналатын 23 жастағы қыз анықталды. Оған қатысты тексеру жүргізіледі. Нәтижесі бойынша оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", -деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Сонымен қатар баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін баланың анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью