Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Оқиға биыл 8 қаңтар күні түнгі сағат 01:00 шамасында болған.
— Сотталушы өзі тұратын жатақхана үлгісіндегі үйдегі пәтерінде спирттік ішімдік ішкен. Көршісінің бұған дейін қоймадағы гитарасын лақтырып тастағаны есіне түсіп, болмашыны желеу етіп, пышақ алып, жәбірленушілердің пәтеріне барған. Алдымен әжесіне бірнеше жерден пышақ жарақатын салады. Сол сәтті көрген кәмелетке толмаған жәбірленуші өзін, әжесін және анасын өлтірмеуді сұрап, жалынған кезде «әрі кет, жағаласпа» деп итеріп жібергенде пышақ бетін тіліп өтеді. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің анасының жуыну бөлмесіне тығылып қалғанын байқаған сотталушы оны артынан қуып барып, бөлменің есігін жұлып алып, бірнеше жерінен пышақ жарақатын салып, өлтірген. Сол кезде кәмелетке толмаған жәбірленуші ұялы телефоны арқылы сыныптасына смс хабарлама жібереді. Соның арқасында көршілер полиция шақырып, кәмелетке толмаған жәбірленуші аман қалады, — делінген хабарламада.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1, 5-тармақтары және 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағында көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қызылорда қаласында 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмғанын облыстық полиция департаменті хабарлаған болатын.