Баланың тілі шықпаса не істеу керек логопед кеңесі

15.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Маманның айтуынша, сөйлеу екіге бөлінеді импрессивті сөйлеу (баланың түсіну қабілеті) және экспрессивті сөйлеу (баланың өз ойын айтуы). 

– Импрессивті сөйлеу – баланың сөзді, эмоцияны, дауыс интонациясын түсінуі. Бұл қабілет бір жасқа дейін басталуы тиіс. Әр ата-ана баланың импрессивті сөздік қорына ерекше мән беруі керек. Өйткені импрессивті сөйлеу дамымайынша, экспрессивті сөйлеу қалыптаспайды. Бала алдымен түсініп үйренеді, содан кейін ғана сөйлей бастайды. Кей жағдайларда біз осы фундаментті қалыптастырмаймыз. 2-3 жасқа келгенде бала сөйлемей жүрсе, бірінші кезекте оның түсіну деңгейіне назар аудару қажет. Бала танымы дамыған кезде сөйлеу автоматты түрде шығады, - деді Шолпан Нұрахметова. 

Маман сонымен қатар сөйлеуге жауап беретін екі негізгі аппарат бар екенін айтты. Олар – ми және артикуляциялық аппарат (ауыз қуысы).

– Мидан дұрыс сигнал келмейінше, ауыздан сөз шықпайды. Яғни, сөйлеудің негізгі реттеушісі – орталық жүйке жүйесі. Егер анада жүктілік кезінде анемия болса, балада гипоксия байқалса немесе дүниеге келген кезінде түрлі жарақаттар алса, бұл сөйлеуге тікелей әсер етеді. Сондықтан себептердің алдын алу өте маңызды, - деді маман.

Еске сала кетейік, баланың сөйлеуінің дамуы энцефалит, менингит сынды жұқпалы аурулардан, иммунитетті әлсірететін ұзақмерзімді аурулардың себебінен кешігуі мүмкін екенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью