Баласы 1,5 жасқа толған әйелдерге төлем жасалады министрлік жауабы

11.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін әйелдердің жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдей алатыны туралы ақпарат тарады. Еңбек және халқты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді.

Хабарламада азаматтарға алты ай бойы төлем алу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу керек делінген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл "схеманың" заңды негізі жоқ, яғни жалған ақпарат.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады, сондықтан ол жұмыссыз деп танылмайды. Жұмыссыз мәртебесі тек нақты жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адамдарға ғана беріледі. Сондай-ақ жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалады”, - дейді министрлікте.

Олар жұмыссыз ретінде тіркеліп, белгіленген талаптарды орындауы тиіс. Төлем алушы жұмысқа орналасқан жағдайда бұл туралы мансап орталығын уақтылы хабардар етуге міндетті. Егер жалған мәліметтер ұсынылса, төленген қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылатын болады.

Министрлік сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу мақсатында әдейі жалған мәліметтер беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертеді. Осындай жалған нұсқаулықтарды тарататын адамдар да жауапкершілікке тартылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью