Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасында жасалған инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жаңа өндіріс орнының құрылысы 2027 жылы басталып, 2030 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаға салынатын жеке инвестиция көлемі 750 миллиард теңгені құрайды.

Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін

Зауыт жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс, 1,5 миллион тоннадан астам күкірт қышқылын шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорында 1 200-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба іске қосылған кезде қызметкерлердің 90 пайызы отандық мамандар болмақ, оның ішінде басшылық лауазымдар да қамтылады. Алдағы 5 жыл ішінде бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдады

Сонымен қатар инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау міндеттемесін алады.

Жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы Қазақстандағы мыс өндірісін 1,5 есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан астам деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өндіріс орны есебінен мыс өнімдерінің экспорты 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін өседі деп күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда екінші атом электр станциясы Балқаш көлінің маңында салынуы мүмкін екендігін мәлімдеген болатын. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью