Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Балқашта Toyota Camry жүргізушісі рульге ие бола алмай, павильонға соғылды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Жол-көлік оқиғасының видеосы
Оқиға Абай көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, әлеуметтік павильонға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Полиция мен әкімдік не дейді?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық куәландыру жүргізушінің сау болғанын көрсетті.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.
Балқаш әкімдігі оқиғадан кейін келтірілген шығынды бағалау жұмыстары жүргізіліп, тиісті акт жасалғанын нақтылады.
"Жол апатына кінәлі адам бүлінген әлеуметтік павильонды он күн ішінде қалпына келтіруге міндеттелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Бұған дейін Қазақстанда "Абайлаңыз, балалар!" акциясы басталғаны хабарланған болатын. 1 қыркүйек қарсаңында мектептер мен басқа да білім беру мекемелеріне жақын жолдарда бақылау күшейтіледі. ІІМ жүргізушілерді барынша сақ болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жолда балалардың кенеттен шығуына дайын болуға шақырды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу