Балқаштың суы тағы көтерілді

12.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Балқаш көлінің суы тағы көтерілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2025 жылы қаңтар-маусым айларында көлдегі судың деңгейі орташа есеппен 32 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,87 метрге дейін жеткен болатын. Былтырдан бері көлдің деңгейі тағы көтерілді.

"Балқаш көліне су жіберу жұмыстары жалғастырылды. 2025 жылдың қазанынан бастап биылғы сәуірге дейін Қапшағай су қоймасынан 3,7 млрд текше метр су жіберілді. Бұл Балқаш көлінің су деңгейін 29 сантиметрге көтеруге мүмкіндік берді", - деді Нұржігітов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, Қазақстандағы екі АЭС Балқаштың маңайында салынады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью