Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оның айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын тіркеледі.
"Өлі итбалықтардың табылуы жыл сайын кездеседі. Ең көп жағдай 2024 жылы тіркеліп, шамамен 2 мың итбалықтың өлексесі анықталды. Бұл тек Қазақстан аумағында емес, бүкіл Каспий теңізінің акваториясында орын алады. Итбалықтар Әзербайжан немесе Иран аумағында қырылып, кейін батыстан соққан дауылды желдің әсерінен Ақтау жағалауына шығып қалуы мүмкін. Осы мәселеге байланысты жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, өлекселерді жинау және Каспий итбалығын сақтау бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі қабылданды", – деді Серік Сермағамбетов.
Комитет төрағасы Каспий итбалығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік табиғи резерват құрылды. Қазіргі таңда ол Ақтау қаласында жұмысын бастады. Өткен жылы қыс мезгілінде бұл аумақта кеме қозғалысына шектеу қойылып, балық аулау учаскелерінің шекарасы Каспий итбалығының көші-қон жолдарынан алыстатылды. Соның нәтижесінде биыл табылған өлі итбалықтардың саны 230 болды. Бұл бұрынғы көрсеткіштен әлдеқайда аз. Зерттеулерге сәйкес, олардың қырылуына асфиксия, жер асты сілкіністері және газдың бөлінуі себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда итбалықтар тұншығып қалады", – деді ол.
Бұған дейін Каспийдегі итбалықтардың қырылуына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі де пікір білдірген болатын.