Балық та байлық білгенге…

22.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

126 су айдынында кәсіби бағытта балық аулау, 11 су айдынында әуесқой және спорттық балық аулау төңі­регінде тыңғылықты жұ­мыс жүргізіліп келеді. Балық өсіруге қолайлы, аумағы үлкен 210 көлде балық өсі­ретін ша­руа­шылықтар жұ­мыс істеп тұр. Жыл соңына де­йін кон­курс негізінде тағы да 33 су айдынын табиғат пайда­ланушыларға бекітіп беру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда акваша­руа­шылықты дамыту басым бағыттардың бірі болып қала береді. Өңірде 160 балық шаруашылығы ныса­ны жұмыс істейді. Осы жер­де сәл ғана таратып айтатұғын болсақ, үш индустриялық ба­лық шаруашылығы мен 157 көл тауар шаруашылығы бар. Жиынтық қуаты жылына 2290 тонна тауарлық балық.

Бір айта кетерлігі, балық шаруашылығына серпін беруге мемлекеттік қолдау­дың ықпал етіп отырғандығы. Сала­ны құқықтық реттеудің ма­ңызды кезеңі 2025 жыл­ғы 12 шілдеде балық ша­руа­­шылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жа­сауға, инвестиция тартуға және су био ресурстарын пай­далану тиімділігін арт­тыруға бағытталған «Аква­ша­руашылық туралы» заңның қабылдануы болды. 2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағ­дарламасы шеңберінде ша­руашылықтарға субсидия­лар беріле бастады. 2024 жылы сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылығын құру туралы жоспарды жүзеге асыратын «Biosphere-fish» серіктестігі мемлекеттік қол­дауға ие болды. Кәсіпорын инвестициясының жалпы көлемі 39 миллион теңгеден асты. Ал төленген субсидиялар көлемі 6,6 миллион теңге шамасында.

2025 жылы өңірдегі бес шаруа қожалығы балық отыр­ғызу материалы мен жем сатып алуға субсидия алды. Тағы бір айта кетерлігі, 2026 жылғы облыстық бюджеттен балық өсіру кәсіпорында­рын қолдауға 43 миллион теңге қаражат қарастырылған. Балық қорының көбеюіне мейлінше назар аударылып, өңірдегі су айдындарында қолайлы жағдай жасалып отыр. Бұл арадағы ең басты мәселелердің бірі – балықтандыру. Облыстың балық шаруашылықтары су айдынын пайдаланушы­лары 47,5 миллион теңгеден астам қаржыға 32,7 миллион данадан астам шабақтарды сатып алып, су айдындары балықтандырылды. Был­тырғы балық ресурстарын сақтау мен дамытуды басқару және қамтамасыз ету бюджеттік бағдарламасы аясында да қыруар жұмыс атқарылуда. Нақтылай ке­те­­тін болсақ, 44 596, 5 мың тең­геге балықтандыру жұ­мыс­­тары жүргізілді. Есіл өзе­ніне 300 мың дана тұқы шабағы мен 37165 дана ақ амур шабағы жіберілді. Сілеті өзеніне 100 мың дана сазан шабағы тоғытылды. Бұл жұмыстардың барлығы балық қорын еселеуге, био­логиялық әртүрлілікті сақ­тау­ға, су айдындарының эко­логиялық жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.

Балық қорын көбейтуге бағытталған игілікті іс биыл да жалғасын тауып отыр. Осы жылдың тамыз-қазан айла­рында Сілеті өзенін балық­тандыру жоспарланған. Өзен­ге 8 550,0 мың теңгеге 90 мың тұқы шабағы жіберілмек. Бұл шаралар жүзеге асырылған кезде өзендегі балық ресурс­тарын молайтып, эколо­гия­лық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Өткен жылғы өңірге ұсы­нылған лимиттерге сәйкес ба­лық аулаудың жалпы рұқ­сат етілген көлемі 774,01 тоннаны құрайды. Ба­лық­шылардың толайым ең­бе­гінің арқасында тек ал­ғаш­қы жартыжылдықтың ішін­де ғана 134,5 тонна балық аулан­ған. Бұл белгіленген лимиттің 17 пайызына жетіп отыр.

– Кейінгі уақытта балық­ты заңсыз аулау оқиғалары­ның жиілеп кетуі құзырлы сала өкілдерін алаңдатып, оған қарсы шараларға барынша назар аударыла бас­таған, – дейді Есіл облыс­ара­лық бассейндік ба­лық ша­руашылығы инспек­ция­сының бастығы Нығмет Қауашев, – тек жыл басынан бері ғана жергілікті инспек­торлар 264 әкімшілік хат­тама толтырды. Оның ішін­де сегізі сотқа жолданған. Заң­ды белден басып балықты заңсыз аулағандарға жаза да қатал. Құзырлы сала өкіл­дері браконьерлікпен айна­лысу­шы­ларға 6,5 миллион тең­ге­ден астам айыппұл салып, күні бүгінге дейін оның 4,6 миллионы өндірі­ліп, мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ балық ресурста­рына кел­тірілген қомақты залал кел­тірілгені үшін 1,1 миллион теңгеден астам сомаға талап қойылғаны мәлім болды. Бұл орайда жоспарлы түрде жүзеге асырылатын рейд­тік шаралардың да маңызы зор екенін атап өткен жөн. Инс­пекторлардың тегеурінді әрекетінің арқасында 82 ты­йым салынған аулау құрал­да­ры мен 287 кило балық тәркіленді.

Осы орайда су биоло­гия­лық ресурстарын қорғауға жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы елеулі үлесін тигізіп келе жатқанын айта кету керек. Биыл сәуір-маусым айларында жергілікті атқару­шы органдардың өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен бірлесе отырып, су айдандарының жаға­лауларын тазарту бағытын­да қыруар шаруа атқарылды. Осы акцияның нәтижесінде 239 балық аулау құралдары оның ішінде 232 тор алынды. Осы арада су ішінде қалған торлардың зияны өте көп екенін айта кетсек те болар. Иесіз ауға түсіп, балықтардың қырылып қалу фактілері орын алып жатады. Табиғат жа­нашырлары өздерінің мұ­қият ісінің арқасында 25 тоннадан астам қоқысты жинап, тиісті орындарға жеткізді. Жан жадыратар жақсы іске 570-ке жуық адам қатысып, 150 автокөлік пен 75 жүзу құралдары пайдаланылды.

Көлдегі балықты кө­бейте отырып, халықтың дас­тар­қа­нын тоғайту бағытында тәп-тәуір жұмыс атқарылуда. Екін­ші жағынан халықтың эко­­логиялық мәдениетті сақ­­тап, туған жердің төсін­дегі кү­міс көлдердің келе­ше­гін ойлау – әдемі жосық. Ере­сектердің ел ертеңіне елең­деген игі ісі жас толқын­ның көкірегіне ізгілік дәнін сеуіп, өміршең сезімдер қа­лып­тасатын болса, ол да бір олжа болары даусыз.

Ақмола облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью