Балықшылардың мұз көшкінінде қалып қойған итті құтқарып қалды

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлеуметтік желіде балықшылардың Ертіс өзеніндегі мұз кесегінде қалып қойған итті құтқару сәті түсірілген видео тарап жатыр. Әбден әлсіреген жануарды көшкіннен аман алып қалған балықшыларға тұрғындар алғыстарын жаудыруда.

«Dobrye ruki PVL» қаңғыбас жануарларға көмек көрсету қорының жетекшісі Надежда Гордованың айтуынша, арнайы дайындықсыз және қорғаныс құралдарынсыз итті мұздан аман алып шығу - екінің бірінің қолынан келмейтін іс. 

– Итті Павлодар ауылынан бес шақырым жерден тапқан. Балықшылар бізге хабарласып, жануарды қабылдауды сұрады, - дейді ол.

Белгілі болғандай, Лаки деп аталатын якут лайкасынан алдыңғы иесі бас тартып, Павлодар ауылындағы белсенді демалыс орталығына берген. Төбеттің үйшігін тазалау кезінде бірнеше ит қашып кеткен. Якут лайкасы табиғатынан өте белсенді әрі еркіндікті сүйетін тұқым дейді мамандар.

Жануарларды құтқарушылар ұйымы оған пана болатын жаңа қожайын іздеуге кірісіп кетті.

Бұған дейін Ертіс өзенінде сең жүре бастағанын жазғанбыз

View this post on Instagram

A post shared by PN Pavlodar (@pavlodarnews.kz)

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью