Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Bangkok Post басылымының жазуынша, жануарлар күдіктінің денесіне жабысқақ лентамен бекітіліп, шағын қапшықтарға салынған. Осылайша ол тасбақаларды әдеттегі жүк тексерісінен жасырмақ болған. Дене сканерлері жүк сканерлеріндегідей анық нәтиже бермейтіні де есепке алынған.
Әңгіме үнді жұлдызды тасбақасы туралы болып отыр. Бұл — сирек кездесетін әрі қатаң қорғалатын түр. Азия елдерінде олар экзотикалық үй жануары ретінде сұранысқа ие, қара нарықта біреуінің бағасы жүздеген, кейде мыңдаған еуроға дейін жетеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жолмен тасымалдау жануарлар үшін аса қауіпті. Оларға ауа мен су жетіспейді, қозғалу мүмкіндігі болмайды. Соның салдарынан көбісі тұншығып, жарақат алып немесе күйзелістен өліп кетуі мүмкін.
Ұсталған қыздың Вьетнам әуе компаниясында бортсерік болып жұмыс істейтіні хабарланды. Таиланд заңнамасына сәйкес, қорғалатын жануарларды заңсыз алып жүру немесе елден шығару 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына және бір миллион батқа дейін айыппұл салуға әкелуі мүмкін.
Тәркіленген 30 тасбақа мамандарға тапсырылды.
Осыған дейін Қырғызстан шекарасы арқылы 100 тасбақаны заңсыз алып өтпек болғандардың ұсталғаны туралы жаздық.