Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрі анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде deepfake технологиясы арқылы бір банктің басшысының бейнесі қолданылған жалған бейнеролик таралып жатыр. Онда азаматтарға Halyk+ атты инвестициялық платформа арқылы ірі көлемде табыс табу мүмкіндігі ұсынылатыны айтылған.
Министрлік ресми түрде мұндай платформаның жоқ екенін және таралып жатқан ақпараттың толық жалған екенін мәлімдеді. Мұндай алаяқтық әрекеттер азаматтардың қаржысын жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Ведомствоның мәліметінше, белгісіз онлайн-платформалар арқылы инвестиция салу ұсыныстары жоғары тәуекелмен байланысты. Қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке жүгіну арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды:
әлеуметтік желілердегі күмәнді видеолар мен жазбаларға сенбеуге; белгісіз сілтемелерге өтпеуге; жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеуге; ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады.Мұндай материалдар анықталған жағдайда немесе алаяқтардың құрбаны болған кезде, азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.
«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті
Соңғы жаңалықтар
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10
Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді
Білім • Бүгін, 10:06
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды
Қылмыс • Бүгін, 09:59
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Есірткі • Бүгін, 09:52
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Әлем • Бүгін, 09:40
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:23
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:11
Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Кеше