Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: istockphoto.com
ІІМ мәліметінше, күдікті банк карталары мен ұялы телефондарды тасымалдаумен айналысқан. Ұйымдастырушылардың нұсқауымен қолма-қол ақша шешіп отырған. Сонымен қатар ол Қазақстан азаматтарының банк карталарын шетелге алып шыққан.
Күдіктіні ұстау кезінде одан түрлі банктерге тиесілі 13 банк картасы мен 5 ұялы телефон тәркіленді.
Қостанай облысында тұрғын алаяқтың нұсқауымен 3 млн теңге несие рәсімдей жаздады
Тергеу мәліметіне сәйкес, банк карталарының иелері оларды ақшалай сыйақы үшін өз еркімен тапсырған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.