Банктегі кредиттер есептен шығарылады министрлік түсініктеме берді

10.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Екінші деңгейдегі банктердегі кредиттер есептен шығарылмайды.

"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз", - дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде.

Агенттіктегілер жалған ақпарат таратқандар заңмен жауапқа тартылады дейді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Ол туралы толығырақ ақпарат қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью