Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бұл негізінен адамның атына алаяқтық жолмен рәсімделген несиеге қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, алаяқтық фактісінің анықталуы ғана қарызды жоюға жеткіліксіз. Несие беру кезінде банк немесе микроқаржы ұйымы заң талаптарын бұзғаны да расталуы керек. Мысалы, клиентті сәйкестендіру немесе биометриялық тексеру талаптары сақталмауы мүмкін.
Егер мұндай заңбұзушылық анықталып, құқық қорғау органдарының тиісті процестік құжаты болса, кредитор берешекті есептен шығарады. Сонымен бірге азаматтың кредиттік тарихы түзетіліп, осы несие бойынша бұрын төлеген немесе одан өндірілген ақша қайтарылады.
Ал банк тарапынан заңбұзушылық бірден анықталмаса, мәселе сотта қаралады. Сот несиенің алаяқтық жолмен рәсімделгенін және кредитор тарапынан заң бұзылғанын анықтаса, сот шешімі күшіне енгеннен кейін банк немесе МҚҰ 10 жұмыс күні ішінде берешекті есептен шығаруға міндетті.
Бірақ азаматтың өзі алған, кейін қаржылық жағдайына байланысты төлей алмай қалған несиесі бұл тәртіппен автоматты түрде кешірілмейді.