7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда проблемалық жылжымайтын мүлікке қатысты жаңа ережелер күшіне енді.
Енді банктер тәркіленген немесе балансындағы нысандарды уақытша жалға беріп, құрылысын аяқтап немесе сатуға дайындай алады.
Қазақстанда банктердегі проблемалық жылжымайтын мүлікке қатысты ережелер өзгерді. Мұндай активтерді жалға беруге, құрылысын толық аяқтауға немесе сатуға дайындау рұқсат етілді. Енді банктер мұндай мүлікті тек есепте ұстап отырмай, оны ретке келтіріп, қайта пайдаға жаратуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында айтылған.
Жаңа тәртіп мұндай активтерді бос ұстамай, табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар банктер оларды басқару үшін арнайы компаниялар құрып, қаржы тартуға құқылы.
Дегенмен, мүлікке толық еркіндік берілмейді: банктер нақты жоспар ұсынып, реттеуші органға табыс пен шығын бойынша есеп беруге міндетті. Активтер белгіленген мерзімде электронды сауда арқылы сатылуы тиіс.