Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Банктер туралы жаңа заң күшіне енді. Президент қол қойған құжат салымшылар үшін қолданыстағы кепілдіктерді сақтай отырып, депозиттерге кепілдік беру жүйесін жаңа талаптарға бейімдеуді көздейді. Заң нормалары жеке тұлғалардың ғана емес, банк секторына енді келетін жаңа ойыншылардың да жауапкершілігін айқындайды, деп жазады Egemen.kz.
16 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңға, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу мен дамытуға қатысты ілеспе заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, салымшылардың депозиттері бұрынғыдай қорғалады және бұл кепілдіктер халықтан депозит қабылдауға құқығы бар, базалық лицензияға ие жаңа банктерге де қолданылады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың мүддесін қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
Жаңа заң банктік лицензияның екі түрін енгізеді: әмбебап және базалық. Қазіргі жұмыс істеп тұрған банктер әмбебап лицензия негізінде қызметін жалғастырып, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне бұрынғыдай қатысады. Ал жаңа банктер әмбебап немесе базалық лицензия алуға құқылы. Базалық лицензия белгілі бір шектеулерді көздейді, оның ішінде қабылданатын депозиттердің ең жоғары мөлшері де бар. Соған қарамастан, мұндай банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері де толық қорғалады. Өйткені жүйеге қатысу жеке тұлғалардан депозит қабылдайтын барлық банктер үшін міндетті.
Енді жеңілдетілген ипотеканы жекеменшік банктер де ұсына алады
Бұл талап ислам банктеріне қолданылмайды. Бұрынғыдай, ислам банктері депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатыспайды, сәйкесінше ондағы салымдарға қор кепілдігі жүрмейді.
Жаңа қатысушыларды қабылдауға қор толық дайын. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылармен есеп айырысу үшін арнайы резерв қалыптастырылады. Бұл резерв негізінен қатысушы банктердің жарналары мен инвестициялық табыс есебінен жинақталады. Жаңа банктер де тәуекел деңгейіне қарай сараланған мөлшерлеме бойынша жүйе резервіне жарна төлейді.
2026 жылға қарай қордың арнайы резерві 1,5 трлн теңгеге жуықтады. Бұл кепілдік берілген депозиттік базаның 5,3 пайызына тең. Мұндай көрсеткіш жүйенің қаржылық орнықтылығын растайды.
Салымшылар үшін маңызды жаңашылдықтың бірі – өтем төлеу мерзімінің қысқаруы. Бұған дейін банк лицензиясынан айырылған күннен бастап төлемдер 35 жұмыс күні ішінде басталса, жаңа түзетулерге сәйкес бұл мерзім 20 жұмыс күніне дейін азайтылды. Ал тәжірибеде қор төлемдерді одан да ертерек бастаған. Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan жағдайында салымшыларға өтемақы 6-8 жұмыс күні ішінде төленді.
Депозиттер бойынша кепілдіктердің мөлшері өзгеріссіз қалды. Қор банк лицензиясынан айырылған жағдайда жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге өтем төлеуді жалғастыра береді. Кепілдік сомасы салымның түрі мен валютасына байланысты белгіленеді. Теңгедегі жинақ салымдар 20 млн теңгеге дейін, теңгедегі өзге салымдар, шоттар мен карточкалар 10 млн теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы салымдар теңгелік баламада 5 млн теңгеге дейін қорғалады. Бір банктегі әртүрлі валютадағы салымдар бойынша да жиынтық кепілдік осы шектер аясында есептеледі.
Банктер үшін лицензиялаудың жаңа екі деңгейлі жүйесі енгізілді
Қор деректеріне сәйкес, қолданыстағы осы талаптарды ескергенде, отандық банктердегі салымдар мен шоттардың 99,8 пайызы толық көлемде қорғалған. Бұл жаңа заңның басты мақсаты – салымшылардың сенімін сақтау және қаржы жүйесінің тұрақтылығын күшейту екенін көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32