Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
Ол 2026 жылдың 19 шілдесінен бастап банктер бойынша бірыңғай QR код жүйесі енгізілетінін хабарлады.
"Ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастап бірыңғай банкаралық QR төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында 1 мамырдан бастап осы жаңа экономикалық секторды іске қосудың құқықтық базасы қалыптасты", - деді Сүлейменов.
Бөлшек төлем қызметтерін ұсынатын барлық банктер Банкаралық мобильді төлем жүйесіне қосылуға міндетті болады.