Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы бір бапқа қатысты қоғамда айтылып жүрген күдікке жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
4 ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Конституция жобасын талқылау мәселесін күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Бұл бастаманы депутаттар қолдады.
Ермұрат Бапи қоғамда талқыланып жатқан Конституция жобасының 48-бабына тоқталды. Оның айтуынша, аталған бапта Республика Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға қатысты конституциялық кепілдіктер қарастырылған.
— Осы баптың үшінші тармақшасында «бұл нормалар экс-президентке де қолданылады» деп көрсетілген. Осыған байланысты кейбір азаматтар «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралуы мүмкін» деген күдік білдіріп жатыр. Бұл – негізсіз алаңдаушылық, — деді депутат.
Бапидің сөзінше, мұндай пікірлердің астарында құқықтық негіз жоқ.
— Экс-президент түгілі, қазіргі Президенттің де отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынған. Бұл норма 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған конституциялық заңмен бекітілген, — деп түйіндеді ол.
Бүгін, 16:22