БАҚ Flydubai рейсінде 180 адамның өмірін құтқарған жараланған ұшқыштың кім екенін анықтады

01.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Flydubai рейсі кезінде шабуылға ұшыраған ұшқыш Үндістан азаматы болып шықты. Бұл туралы үндістандық NDTV телеарнасы хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Екінші ұшқыш тарапынан жасалған диверсия әрекетіне кедергі келтірген қаһарман Үндістан азаматы екені белгілі болды. Әуе кемесінің командирі Дубай - Тель-Авив бағытындағы ұшақ бортында болған 180 адамның өмірін сақтап қалды", - деп хабарлады телеарна дереккөздерге сілтеме жасап.

Смит Маччхар екінші ұшқышпен болған қақтығыс кезінде пышақ жарақатын алған. Телеарнаның ақпаратынша, қазіргі уақытта зардап шеккен ұшқыш Сауд Арабиясындағы ауруханада жатыр.

Маччхар Flydubai әуекомпаниясында төрт жылдан бері жұмыс істейді. Оған дейін 10 жыл бойы үндістандық SpiceJet компаниясында қызмет еткен.

Сәрсенбі, 30 қыркүйек күні Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған және басып алу туралы белгі берген Flydubai әуекомпаниясының Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясының Табук қаласындағы әуежайға шұғыл қонды.

БАҚ-тың хабарлауынша, ұшу кезінде ұшқыштардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасап, ұшақ тізгінін иемденбек болған. Бірқатар басылым шабуылдаушының Оман азаматы екенін көрсеткен. Бұған дейін N12 телеарнасы жанжалдасқан ұшқыштар Украина мен Ресей азаматтары деп хабарлаған болатын, алайда бұл ақпарат расталмады.

Ұшқыштар кабинасындағы арпалыс кезінде ұшақ қысқа уақытқа шұғыл төмендеген. The Jerusalem Post онлайн-басылымының жазуынша, рейс жолаушылары мен экипаж мүшелері шабуылдаушыны құрықтай алған. Сауд Арабиясына қонуды бортта болған басқа екі ұшқыш жүзеге асырған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью