Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Биыл BAQ LIGA тұңғыш рет футзал мен волейбол бәсекелерін қатар өткізді. Елордамыздың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған қысқы маусымға футзалдан 12, волейболдан 9 команда қатысты.
Фото: Қазақстан журналистер лигасыЖарыстың форматы бойынша футзал командалары әлеуеттері мен өткен маусымдардағы орындарына сәйкес, екі Лигаға бөлінді. «А» лигасында «Қазмедиа» командасы соңғы турда басты бәсекелесі, әртүрлі БАҚ өкілдерінен құралған «Qurman» командасын жеңіп, кезекті рет чемпион атанса, «Қазақстан» телерадио корпорациясының «Abai» командасы үздік үштікті түйіндеді. Ал «В» лигасында «Asnews.kz» командасы бас жүлдені қанжығаларына байлап, «Хабар» агенттігі екінші орынмен келесі маусымда «А» лигасына жолдаманы жеңіп алды.
Фото: Қазақстан журналистер лигасыФутзалмен қатар өткен волейбол бәсекесінде «Atameken business» телеарнасына қарсылас шақ келген жоқ. Финалда «Хабар» агенттігімен кездескен олар қосымша сетте жеңісті жұлып алып, BAQ LIGA төрт дүркін чемпионы атанды. Үздік үштікті жас журналистерден құралған «Shanyraq» командасы түйіндеді.
Фото: Қазақстан журналистер лигасыБиыл BAQ LIGA маусымына футзал және волейболдан «Қазмедиа» орталығы, «Қазақпарат» агенттігі, Президент телерадио кешені, «Atameken business» телеарнасы, «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» телерадио корпорациясы, «Егемен Қазақстан» газеті, «Elorda aqparat» агенттігі, «Sadaq media» агенттігі, «Beksport», «QRnews», «ASnews» және «Atyrau», «Turki tilmash», «Dodager», «Shanyraq», «Qurman» құрама командалары қатысты.
Фото: Қазақстан журналистер лигасыАйта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнатып, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. Бүгінде BAQ liga Қазақстан Масс-медиасы арасында футбол және волейбол додаларын өткізіп келді. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан 17 маусым, волейболдан 7 чемпионат және командалық шахмат бәсекесі мен үстел теннисінен біріншілік өтіп, оған еліміздің 100-ден астам Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан 1 000 шамасында журналистер қатысты. BAQ liga брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері елордамыздан бөлек, Алматы, Талдықорған және Ақтау сынды қалаларда да ұйымдастырылды.
Сондай-ақ семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Фото: Қазақстан журналистер лигасы