БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Британдық Guardian газеті мұнай бағасының өсуі, бүкіл әлем бойынша мемлекеттік облигациялардың жаппай сатылуы және жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы тәуекелдер туралы ескертулер фонында болып жатқан қыркүйектегі оқиғалар жаңа қаржылық дағдарыстың басталуына түрткі болуы мүмкін екенін алға тартады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылым авторы тарихта қыркүйек айы жиі қаржылық дағдарыстардың басталу кезеңіне айналғанын атап өткен: 1931 жылдың дәл осы айында Ұлыбритания алтын стандартынан бас тартты, 1992 жылы фунт стерлинг еуропалық айырбас бағамы механизмінен шығарылды, ал 2008 жылы Lehman Brothers банкі күйрегеннен кейін әлемдік рецессия басталды.

"Осы қыркүйекте де алаңдауға негіз бар. Мұнай бағасы көтеріліп, бұл бензин мен дизель отынының қымбаттауына әкелді, сондай-ақ өмір сүру құнына түсетін қысымды арттырып жатыр. Бүкіл әлемде мемлекеттік облигациялар сатылып жатыр. ЖИ саласындағы компания басшылары бұл саланың дамуын бәсеңдету парасатты шешім болар еді деп ескерту жасап отыр. Мұның бәрі жиылып келіп, тағы бір мазасыз қыркүйектің алғышарттарын құрайды", – деп жазады басылым.

Сонымен қатар автор мұның бәрі жалған дабыл болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Мәселен, Ормуз бұғазының жабылуынан болған зардаптар күткендегідей ауыр болмаған. Сондай-ақ ол облигациялар нарығын жайлаған үрейдің де тез басылуы мүмкін екенін айтады.

"Қазір болмаса да, ерте ме, кеш пе тағы бір қаржылық дағдарыс болады. Адамдар ұмытады. Олар бейқамдыққа салынады. Тым үлкен әрі ықпалды болуына жол берілген қаржы нарықтарындағы шиеленіске назар аудармайды. Сондықтан, кейінгі оқиғалар саябырсығанымен, тағы бір қыркүйек дағдарысына жоспар дайындап қойған жөн. Әрбір жағдайға дайын болу үшін", – деп атап өтеді басылым.

АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы іс жүзінде тоқтап қалды. Бұл – әлемдік нарыққа мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған табиғи газ жеткізілетін негізгі бағыт. Соның салдарынан әлемнің көптеген елінде жанармай бағасы қымбаттады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью