Бақыт Нұрмұханов: Халық кеңесі барлық азаматтың мүддесін білдіреді

28.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Конституциялық комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Ата заңының негізгі бөлімдеріне түзетулерді дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, ел Парламентінің өкілеттіктері мен рәсімдеріне айтарлықтай ревизия жүргізілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

«Президент» бөлімінің ережелері тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралды. Атап айтқанда, президенттік сайлау мен ант беру рәсімінің мерзімі, Мемлекет басшысының Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы аясындағы өкілеттіктері, сондай-ақ кадр мәселелері мен норма шығару функциялары қарастырылды.

«Бөлімге Вице-президенттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне арналған жаңа бап енгізілді», деді Бақыт Нұрмұханов.

Оның айтуынша, бір палаталы Парламентке көшу аясында «Құрылтай» бөліміне кең ауқымды түзетулер жобасы дайындалды. Атап айтқанда, екі палаталы Парламент және оның осындай жүйедегі қызметі туралы ережелер алынып тасталды.

«Заң шығарушы органның өкілеттіктері мұқият қайта қаралды. Құрылтайдың сессиялары мен қызметін ұйымдастыруға қатысты барлық бап жаңартылды. Заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілердің тізімі кеңейтілді. Құрылтай қабылдаған заңдармен реттелетін негізгі қоғамдық қатынастардың тізімі кеңейтілді. Заң жобаларын қарау және қабылдау рәсімдерін реттейтін ережелер қайта қаралды», деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, республика азаматтары арасынан құрылған Қазақстан Халық кеңесіне қатысты ережелер жеке бөлімде топтастырылған. Сондай-ақ, жаңа жоғары кеңес органы Қазақстан халқының мүдделерін білдіру және заң шығару бастамасы құқығына ие болатыны бекітіледі.

Сонымен қатар, салалық конституциялық заңда көрсетілген Конституциялық соттың құқықтық мәртебесі туралы ережелер де Конституция жобасына енгізілді.

«Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын және бүкіл ел бойынша Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін бекітеді», деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.

Сөз соңында ол Конституциялық сот шешімдерінің құқықтық салдары да нақты айқындалатынын айтты.

Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата заң мәтінінің 84%-ы мен преамбуласы толық жаңартылатыны мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар

«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды

Білім • Бүгін, 16:58

Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады

Экономика • Бүгін, 16:44

Конституцияның преамбуласы толық жаңартылады

Ата заң • Бүгін, 16:37

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Ата заң • Бүгін, 16:20

Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады

Туризм • Бүгін, 16:18

Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды

Президент • Бүгін, 16:03

Тоқаев: Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайды

Президент • Бүгін, 15:52

Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс

Президент • Бүгін, 15:42

Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек

Президент • Бүгін, 15:32

Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:20

Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр

Президент • Бүгін, 15:15

Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды

Президент • Бүгін, 15:03

Тоқаев: Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек

Президент • Бүгін, 14:57

Президент: Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес

Президент • Бүгін, 14:41

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді

Президент • Бүгін, 14:39

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью