Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

14.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа Конституцияның жобасында елдің тарихи жады, ұлттық бірегейлігі мен болашақ даму бағыты тұтастай қайта қаралған. Ата заңның преамбуласына енгізілген өзгерістер мемлекет философиясының, құндылықтар жүйесінің және қоғамдық сананың жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Осы жөнінде Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссияның мүшесі Бақыт Нұрмұханов «Референдум-2026» онлайн марафонында ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

– Конституциялық жобаға енгізілген өзгерістердің өзегі неде? Алдымен преамбуладағы жаңалықтарға тоқталсақ.

– Жалпы, преамбула кез келген елдің Ата заңының кіріспесі саналады. Бұл бөлімде мемлекеттің өткені бағаланып, бүгінгі құндылықтары айқындалып, болашаққа бағыт-бағдар беріледі. Преамбула – халықтың рухын көтеретін, ұлттық бірегейлікті айқындайтын тұғырлы мәтін.

Қолданыстағы Конституцияның преамбуласы «Біз, Қазақстан халқы…» деп басталады. Бұл тіркес сол кезеңнің тарихи талабына сай болды. Ал жаңа жобада «Біртұтас Қазақстан халқы» деген ұғым қолданылып отыр. Мұның астарында үлкен мағына жатыр.

– Бұл өзгерістің саяси және қоғамдық мәні неде?

– Бүгінде Қазақстанда 20 миллионнан астам адам тұрады. Елде жүзден астам этнос өкілі, жиырмаға жуық конфессия бар. Олардың барлығы – біртұтас Қазақстан халқы. Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өттік. Осы уақыт ішінде елімізде ұлтаралық және дінаралық татулық берік сақталып келеді. Жаңа Конституцияда бұл құндылық конституциялық деңгейде бекітіліп отыр.

Сонымен қатар, Ата заңда жаңа бөлім енгізілді. Ол – Қазақстан халқы кеңесі. Бұл орган жоғары конституциялық мәртебеге ие болады. Яғни ұлтаралық және конфессияаралық келісім уақытша саясаттың емес, мәңгілік конституциялық құндылықтың қатарына қосылды.

– Жаңа Конституцияда тарихи сабақтастық мәселесі де нақты көрсетілгені айтылып жүр.

– Иә, бұл – өте маңызды тұс. Ата заңда алғаш рет Қазақстанның байырғы қазақ жерінде, мыңдаған жылдық тарихтың сабақтастығын сақтай отырып қалыптасқаны анық жазылды. Бұл норма біздің мемлекеттілігіміз 1991 жылдан ғана басталған жоқ деген ойды бекітеді. Біз – тарихы терең, тамыры мыңжылдықтарға кететін елміз. Мұны сезіну – ұлттық сананың кемелденуінің белгісі.

Кез келген заң ұлттың мінезін, ділін, рухын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа мәтін тарихи жадыны күшейтеді.

– Конституцияда «Әділетті Қазақстан» идеясы да көрініс тапқан. Бұл ұғым қалай ашылған?

– Мемлекет басшысының бастамасымен «Әділетті Қазақстан» идеясы ел дамуының негізгі бағыты ретінде бекітілді. Жаңа Конституцияда бұл қағида нақты көрініс тапты. Әділетті Қазақстан дегеніміз – жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр адамға тең мүмкіндік берілетін ел. Азаматтардың барлығы заң мен сот алдында тең.

– Құндылықтар жүйесінде қандай басымдықтар бар?

– Мәдениет, білім, ғылым және инновация ел дамуының басты бағдарлары ретінде белгіленген. Бұл – болашаққа салынған инвестиция. Қазіргі әлемде мемлекет тек ресурспен емес, білім мен зияткерлік әлеует арқылы дамиды.

Сонымен бірге, халықаралық саясатқа қатысты ұстаным да нақтыланды. Бұрын «дүниежүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды тілей отырып» деген тұжырым қолданылса, жаңа жобада Қазақстанның басқа елдермен бейбітшілік пен татулықта өмір сүру қағидаты бекітілген. Бұл еліміздің халықаралық аренада өз орнын айқындап алғанын көрсетеді.

– Тағы қандай жаңалықтарға назар аударған жөн?

– Алғаш рет Конституция мәтінінде «Ата заң» деген ұғым тікелей қолданылды. Бұрын бұл тіркес көбіне публицистикада айтылатын. Енді «Біртұтас Қазақстан халқы еліміздің Ата заңын – Конституциясын қабылдаймыз» деген тұжырым заңдық деңгейде бекітіліп отыр.

Сондай-ақ, экологиялық мәдениет мәселесі көтерілді. Соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы – соның айғағы. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау енді тек азаматтық ұстаным емес, конституциялық құндылыққа айналып отыр.

– Жаңа Конституцияның басты ерекшелігін қалай түйіндер едіңіз?

– Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес. Бұл – қоғамның бүгінгі сұранысына жауап беретін, тарихи сананы жаңғыртатын, болашаққа бағытталған құндылықтар жүйесі. Ол мемлекеттің кім екенін ғана емес, қайда бет алғанын да айқын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

Ата заң • Бүгін, 13:21

Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады

Медицина • Бүгін, 12:35

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Білім • Бүгін, 12:26

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Аймақтар • Бүгін, 11:42

Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?

Қазақстан • Бүгін, 11:37

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 11:17

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:34

Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?

Олимпиада • Бүгін, 10:21

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:53

Реформаларға азаматтық белсенділік керек

Қоғам • Бүгін, 09:50

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45

Берекелі ынтымақтың бастауы

Пікір • Бүгін, 09:40

Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 09:35

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары

Саясат • Бүгін, 09:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью