Бақыт Нұрмұханов: Жаңартылатын Конституцияда президенттік басқару нысаны сақталады

28.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Жиынтық жобаның новеллалары Қазақстан Конституциялық материясының негізін кеңінен қозғайды. Олар Ата заңның келбетін, ішкі құрылымын түбегейлі өзгертеді. Институционалдық, құрылымдық қайта түрлендірулер түбегейлі мемлекеттік құқықтық трансформациялар үшін зор әлеует қалайды. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдері елеулі түрде күшейтіледі. Президенттік басқару нысаны сақтала отырып, біртұтас мемлекеттік билікті ұйымдастыру жолдары өзгереді. Бір палаталы Парламент моделі енгізіледі. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу нысандары кеңейеді. Құқық қорғау тетіктері қызметінің Конституциялық соттың, Ата заңның негізінде құқық үстемдігін қамтамсыз етуінің тиімділігі артады, - деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияға енгізілетін жаңашылдықтар мемлекеттің миссиясын, оның функцияларын жаңаша түсінуге, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың қарым-қатынасы қағидаттарын анық айқындауға жол беретінін айтады.

– Азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешу ісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейеді. Жобада негізгі қоғамдық саяси институттардың қызметі мен болашағына қатысты қазіргі заманғы тұжырымдамалық сипаттағы ұстанымдар қарастырылған. Комиссия отырыстарына шығарылған түзетулер өз жиынтығында Конституцияның өзгертілген нормаларының жаңаша мазмұнын айқындап қана қоймай, редакциясы сақталған ережелердің де құқықтық мағынасын жаңалайды. Сондықтан Конституцияның және онда көзделген институттардың түбегейлі түрленуі мен жаңалануы туралы нық сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, негізгі заңды ресми түсіндіру мен қолдану ұстанымдарының да трансформациялық алғышарттары жасалмақ, - деді ол.

Жалпы Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтқанын мына сілтеме арқылы оқуға болады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью