Бақыт Сейдіш бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, 3 раунд бойы алма-кезек басымдықпен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Үндістан спортшысына берді.

Айта кетейік, Бақыт Сейдіш алғаш рет сары құрлықтың додасына қатысты.
Енді ел құрамасынан 9-жұпта Надежда Рябец (80 келі) өзбекстандық Рухшона Парпиева, 10-жұпта Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үндістандық Алфия Пазанмен шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ құрлықтық додада ертең, 10 сәуірде қазақстандық бес боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Бүгін қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады.

Ел құрамасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан — 7, Солтүстік Корея мен Қытай -3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония -2, Тәжікстан -1 үздігіне үміт артады.

Азия чемпионатының финалы 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью