Бақыт Тұрман қызына неге үй алып бермейтінін айтты

04.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Белгілі актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман қыздарына алдын ала баспана алып беруге қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның сұхбатынан үзінді әлеуметтік желіде тарады. Мұнда Бақыт Тұрман қыздарына үй алып бермейтінін айтып, өз ұстанымын қысқа жеткізген.

– Қызыңа үй алып берсең, күшік күйеу бала табасың, – деді Бақыт Тұрман.

Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсті.

Бұған дейін Бақыт Тұрман жар таңдағанда ер адамның үйі, көлігі немесе қымбат киімі басты өлшем болмауы керегін айтқан. Оның пікірінше, ер адамның ақылды, еңбекқор, іскер әрі сөзінде тұратын азамат болғаны маңызды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью