Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Кез-келген адам әлемдегі ең мықты, әл-ауқаты жақсы мемлекетте өмір сүргісі келеді. Сондықтан әркім өз елінде әлеуметтік жағдай жоғары, экономикалық даму тұрақты, заң және саяси жүйе әділ болғанын қалайды. Бұл аталғандардың бәрі – «тұрақты даму» деп аталатын ауқымды ұғымға тоғысады. Ал дамудың негізін қалайтын басты құжат – елдің негізгі заңы, яғни Конституция.
Қазір көптеген елдің конституциясында азаматтардың құқығы, елдегі билік қағидаттары, аумақтық құрылым, әлеуметтік-экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау негіздеріне де ерекше мән беріледі.
Қазақстанның жаңа Конституция жобасының 37-бабында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұқыптылықпен пайдалану жолындағы мемлекет пен азаматтардың жауапкершіліктері күшейтілген. Себебі тұрақты даму дегеніміз – адами, қаржылық және басқадай байлықтармен қатар, табиғи байлықты да ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сонда ғана елдің экономикалық дамуынының тұрақты негізі қалыптаспақ. Бұл − елдің әлем экономикасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі.
Негізінен қоршаған ортаны конституциялық деңгейде қорғау үрдісі ХХ ғасырдың 70-жылдарында басталды деуге болады. Қазіргі күнге дейін бұл үрдіс әр елде, әр кезеңде жалғасын тауып келеді. Мысалы, 2004 жылы француз парламенті Қоршаған орта туралы хартия (Charte de l’environnement) қабылдап, 2005 жылы Конституциясына енгізген екен.
2007 жылы Черногория мемлекеті Конституциясында өзін экологиялық мемлекет ретінде көрсеткен.
2011 жылы 1949 жылы қабылдаған Конституциясын өзгерткен Мажарстан да азаматтардың физикалық және психологиялық денсаулыққа құқығын пайдалануға жағдай жасауды мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау міндетімен байланыстырған.
2016 жылы Словения Конституциясында азаматтардың ауыз суға құқығы бекітілген.
Үндістан Конституциясы тұрақты дамудың берік негізін қалаған деуге болады. Конституцияның бірқатар ережелері әлеуметтік әл-ауқатты, инклюзиялық және экологиялық қауіпсіз экономикалық өсімге жағдай жасауға арналған. Бұл ережелер Конституцияның бір бабында ғана емес, бірнеше бөлігінде, айталық «Мемлекеттік саясаттың директивті қағидаттарында», «Негізгі құқықтар» мен «Негізгі міндеттемелерде» көрсетілген.
Демек, азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, ел экономикасының берік іргетасын қалау үшін әр мемлекет әртүрлі деңгейде адамзаттың табиғи ресурстарға деген құқығын конституцияға енгізіп жатыр. Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 елдің 150-ге жуығында азаматтардың экологиялық құқықтары мен міндеттеріне қатысты баптар қарастырылған.
Экономикалық зерттеулер институтындағы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық сарапшылары жасаған талдау Қазақстанның жаңа Конституция жобасында да тұрақты дамудың «Ешкімді назардан тыс қалдырмау» қағидасы ескерілгенін көрсетіп отыр. Мұны Конституция жобасында көрсетілген инклюзиялы даму негіздерінен, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару, білім-ғылым мен инновация мәселелерімен қатар қоршаған ортаға кең көлемді ден қойылғандығынан байқауға болады.
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Олай болса, Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық адам құқығына байланысты нормаларға толық сәйкес келеді. Конституция қабылданғаннан кейін де оның аясында тиімді нормативтік-құқықтық актілердің қолға алынуы елдің негізгі заңы Қазақстанның тұрақты дамуының іргетасына айналуына оң ықпал етері сөзсіз.
Бақытгүл ҚАМБАР,
Экономикалық зерттеулер институты
Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі
хатшылық директоры, э.ғ.к.
Соңғы жаңалықтар
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26