Бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады : Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы оқырманды ойландырып қойды

11.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында әйел тағдыры туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса әйелдің қоғамдағы орнына, болмысына ерекше назар аударған. Айтуынша, өмірде қандай жағдай болса да, аналық мейірім мен балаға деген махаббат әйел жүрегінен мәңгі өшпейді.

«Алматы көрермені, мың алғыс! Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзіндей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса, ол әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актрисаның бұл жазбасы оқырманды бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары қолдау білдіріп, түрлі пікір білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью