Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әнші Алтынай Жорабаеваның қызы жақында тұрмысқа шығады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің екінші қызы әлеуметтік желіде күйеу жігіт ұсыныс жасаған сәттегі бейнежазбаны жариялады. Бойжеткен ұсынысты қабыл алған. Алтынай Жорабаева екі жасқа бақыт тіледі.
"Бақыттарың баянды болсын, жандарым. Алтындарым, балапандарым", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да жас жұбайларға бақыт тілеп, құттықтап жатыр.
Айта кетейік, әнші Алтынай Жорабаева бүгінде бес қыз тәрбиелеп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.