Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен ер адам Тараздағы ауруханаға ауыстырылды

29.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен ер адам Тараз қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экс-депутаттың айтуынша, Нұржігіттің денсаулығында оң өзгерістер байқалады.

"Нұржігіттің комада жатқанына 13 күн болды. Денсаулығында клиникалық жақсы өзгерістер бар. 28 тамыз мен үшін, Нұржігіттің туған-туыстары үшін ерекше күн болды. Нұржігітті Тараз қалалық клиникалық ауруханасының реанимация бөліміне ауыстырып жатыр. Сонда аяққа тұрғызып, одан кейін Астана қаласында емдетеміз", – деді Базарбек желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, жол апаты Жамбыл облысында 15 тамызда болды. Жәбірленуші ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Екі жақ қабырғалары, оң аяғы сынған. Ал өкпесі мен кеудесі арасында қан жиналып қалған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью