Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Aikyn.kz америкалық экс-президенттің қызу талқыланған сөздерінің астарын BBC News материалы негізінде түсіндіреді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама интернетте қызу талқыланған сөздерінен кейін Жерге бөгде ғаламшарлықтардың келу ықтималдығы «төмен» екенін айтқан.
«Олар шынайы, бірақ мен оларды көрген жоқпын. Оларды 51-аймақта ұстап отырған жоқ. Жерасты құрылыстары да жоқ, тек АҚШ президентінен жасырып келген қандай да бір ауқымды астыртын нысандар болмаса», – деді ол сенбі күні жарияланған сұхбатта америкалық подкаст жүргізушісі Брайан Тайлер Коэнге.
Кейін Обама бұл пікірін «жылдам раундтың рухына» сай айтқанын түсіндірді. Ол «статистикалық тұрғыдан ғаламда бізден басқа да тіршілік болуы ықтимал екенін, бірақ президент болған кезінде бұған қатысты «ешқандай дәлел көрмегенін» айтқан.
Обаманың алғашқы сөзі блиц-сауалнама кезінде айтылды. «Бөгде ғаламшарлықтар бар ма?», – деген Коэннің алғашқы сұрағына бұрынғы президент оң жауап берген. Кейін Обаманың жауабы түрлі медиада жарияланып, интернетте кең талқыланды. Осыдан соң ол жексенбі күні Instagram-дағы ресми аккаунтында өзінің сөздерін түсіндірді.
«Мен жылдам раундтың рухына сай нақты, жылдам жауап бердім. Бірақ бұл көпшілік назарын аударғандықтан, нақтылап өтейін», – деп жазды ол подкастан алынған бейнероликтің сипаттамасында.
«Статистикалық тұрғыдан Ғаламның ауқымы өте үлкен. Онда басқа тіршілік болу ықтималдығы жоғары. Бірақ Күн жүйелерінің арақашықтығы тым алыс болғандықтан, бөгде ғаламшарлықтардың бізге келу мүмкіндігі төмен. Президент болған кезімде жерден тыс тіршілік иелері бізбен байланысқа түскеніне қатысты ешқандай дәлел таппадым. Шын айтам!».
2009-2017 жылдары АҚШ президенті болған Барак Обама бұған дейін де өзге ғаламнан келгендер мен анықталмаған ұшатын объектілер (НЛО) туралы пікір айтқан. 2021 жылы түнгі шоу жүргізушісі Джеймс Корденге берген сұхбатында қызметке кіріскенде «бізде өзге ғаламнан келгендердің үлгілері мен ғарыш кемелерін сақтайтын зертхана бар ма?» деп сұрағанын айтқан.
«Олар аздап тексеріп көрді. Жауап: «жоқ» болды», – дейді ол. Бірақ сол кезде шыққан тегі түсіндірілмеген аспандағы нысандар туралы жазбалар мен видеоматериалдар бар екенін растаған.