Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Нидерланд блогері Ричард Қазақстанды алдын ала жоспарсыз аралап, жолдың қайда апаратынын көруге бел буды. Сапар барысында ол Ақтөбе мен Астанада болып, бірнеше рет пойызбен және автостоппен саяхаттады. Оған ең үлкен әсер қалдырғаны - жергілікті тұрғындармен кездесулер, деп хабарлайды Tengri Travel.
Travelling With Richard блогының авторы нидерландық Ричард бір күні кенет пойызға мініп, Ақтөбеге аттануды ұйғарғанын айтты. Жол 16 сағатқа созылған, бірақ саяхатшының сөзінше, бұл кездейсоқ таңдау өте сәтті болған.
"Нақты жоспарсыз саяхаттаудың маған ең ұнайтын тұсы - таңертең оянып, 16 сағаттық пойызға отыруды шешесің де, соңында бұл шешіміңнің тамаша болғанын түсінесің. Міне, қазір мен Қазақстандағы Ақтөбе қаласындамын. Мұнда бәрі бақытты өмір сүріп, бір-бірімен уақыт өткізіп жатқандай - өте тыныш, жайлы әрі таза екен", - деп бөлісті ол.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Travelling With Richard (@travelingwithrichard)
Блогер қаланың архитектурасына да назар аударды.
"Серуендеп жүріп, сіз бұрын-соңды көрген ең керемет мешіттердің біріне тап болуыңыз мүмкін. Ал көшенің келесі бетінен өте әсерлі шіркеулердің бірін көресіз", - деп атап өтті ол.
Сапар кезінде ол жылқы етінен дәм татты. Блогер бұл тағамға дән риза болғанын айтты.
Қонақжайлылық пен қамқорлықПойыздағы сапарларының бірінде блогер сэндвичін шығарып, түскі асын іше бастайды. Мұны көрген екі зейнеткер саяхатшының тамағын азсынып, өздері ала шыққан асын ұсынады.
Олар оған үй тағамынан дәм таттырып: палау, жылқы еті мен піскен жұмыртқа ұсынып, шай береді. Оның бұл сапары туралы видеосы 2,5 миллионнан астам қаралым жинады.
"Сен сатып алған сэндвичті екі әже тамақ деп есептемей, дұрыстап тамақтанғаныңа көз жеткізгісі келгенде осындай жағдай болады!" - делінген жарияланымда.
Астанаға дейін - автостоппен
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Travelling With Richard (@travelingwithrichard)
Тағы бір роликте Ричард Астанаға автостоппен қалай жеткенін көрсетті. Оның айтуынша, жолға шамамен үш сағат уақыт кетуі керек болатын.
Сапар барысында оны төрт жүргізуші бірінен соң бірі ала кеткен. Соңғы жүргізуші саяхатшыны жол бойына тастап кетпей, тікелей хостеліне дейін жеткізіп салған.
"Олар өте мейірімді жандар екен, мені тіпті хостелдің алдына дейін апарып тастады. Мен мұнда 3 сағат 20 минутта жеттім. Демек, тікелей көлікпен шыққаннан небәрі 7 минутқа ғана кешіктім", - дейді Ричард видеода.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Travelling With Richard (@travelingwithrichard)
Жарияланымдарға қарағанда, голландиялық блогер қазір саяхатын Қытайда жалғастырып жатыр. Ричард өз роликтерінде елдер туралы жеке тәжірибесі арқылы баяндайды: кездейсоқ пойыздарға мінеді, автостоппен саяхаттайды, жергілікті тұрғындармен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татады.
Тағы оқыңыз: Америкалық азамат Қазақстандағы қонақжайлылыққа қайран қалды
Канадалық блогер Қазақстанды автостоппен аралап, мұның қаншалықты қауіпсіз екенін айтты
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу