“Бәрі өте тез болды“. Ақтөбедегі дауыл ағаштарды құлатып, үйлердің бір бөлігін жарықсыз қалдырды

21.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

21 маусымда түс қайта Ақтөбеде кенет дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, бірнеше ауданда жарық өшіп қалды. Тұрғындар табиғи апат туралы ешқандай ескерту алмағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

21 маусымда түс қайта Ақтөбеде кенет дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, бірнеше ауданда жарық өшіп қалды. Тұрғындар табиғи апат туралы ешқандай ескерту алмағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сағат 13:30 шамасында Ақтөбеде кенет дауыл басталды. Куәгерлердің айтуынша, жел санаулы минуттардың ішінде көтерілген.

Қала тұрғындары аялдамалар мен жақын маңдағы ғимараттарға асығыс тығылса, аулаларда ағаштар тамырымен жұлынып кеткен. Мәселен, Бейбітшілік көшесіндегі №5 үйдің ауласында ағаштардың бірі тұрғын үйдің іргесіне құлаған.

Тұрғындардың сөзінше, басқа аулаларда да құлаған ағаштар кіреберіс алдында тұрған автокөліктерді зақымдаған. Дауылдың салдары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Пусть Говорят Актобе-10лет ПГА (@pust_govoryat_aktobesvami_) жариялаған видео

"Бәрі қас-қағым сәтте болды. Күн күрт түнерді де, қатты жел тұрды. Не болып жатқанын түсініп те үлгермедік. Төтенше жағдайлар департаментінен ешқандай ескерту келген жоқ, ешкім ештеңе жіберген жоқ. Адамдар тығылатын жер іздеп, әр жаққа қарай қашты," - деп кейіді Ақтөбе тұрғындары әлеуметтік желілерде.

Табиғи апат жарты сағаттан аспаса да, салдарынар ондаған ағаш құлаған. Дауылдан кейін найзағай ойнап, нөсер жаңбыр құйды.

Қала тұрғындары электр энергиясының үзілгенін айтып жатыр. Олардың айтуынша, дауылдан кейін бірден кейбір үйлерде жарық сөнген. Атап айтқанда, Алтын Орда ауданындағы кейбір көпқабатты үйлер жарықсыз қалды.

Ал Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлайтыны туралы таңертең ескертілгенін мәлімдеді. Құтқарушылардың мәліметінше, 21 маусымда өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью