Барлық учаскеде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілген ҰҚШҰ ПА бақылаушылары

23.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары Құрылтай сайлауы аясында барлық учаскеде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін айтты.

"Біз барған барлық учаскеде ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгеніне көз жеткіздік. Дауыс беруді заң талаптарына сай өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған және учаскелер тиісті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген", – деді Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов.

Ал Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының адам құқықтары, ұлттық қатынастар және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі Эдуард Северин қазақстандықтардың таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне барып жатқанын айтты.

"Бұл бүгін демалыс күні болғанына қарамастан, азаматтардың елдегі саяси үдерістер мен қоғамдық-саяси өмірге қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күн, бір жағынан, өзіндік емтихан болса, екінші жағынан, конституциялық реформалар, сайлау жүйесі мен Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістердің нәтижесін көрсететін күн", – деді спикер.

Севериннің айтуынша, осы тұрғыдан алғанда, енгізілген өзгерістер Қазақстанның одан әрі табысты, тиімді әрі тұрақты дамуына ықпал етеді деп айтуға болады.

ҰҚШҰ ПА байқаушылары мүгедектігі бар жандар үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью