Барыс қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

10.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатында омбылық «Авангардты» өз алаңында 5:1 есебімен жеңді.

Алғашқы шайбаны қонақтар соққанымен, «Барыс» жауап ретінде бес шайба салды. Тайс Томпсон мен Джастин Бэйли дубль авторы атанса, Мэйсон Морелли бір гол соқты. Қақпашы Андрей Шутов қарсыластың 40 соққысын қайтарды

Қазақстандық клуб маусымда 50 шайба соққан ҚХЛ-дағы алғашқы команда атанды.

 «Барыс» сегіз жеңіс және бес жеңіліспен Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.

Келесі кездесу 12 қазанда Астанада «Сібірге» қарсы өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью