Барыс ҚХЛ де қатарынан төртінші рет жеңілді

28.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елордада өткен ойында қазақстандық клуб 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберді. 

«Барыс» сапынан жалғыз голды екінші кезеңде Панюков соқты. Ал «Амур» құрамында Шварев, Филатьев, Ураков және Гиздатуллин мергендік танытты.

Айта кетейік, бұл – елордалық команданың қатарынан төртінші жеңілісі. Төрт кездесуді де астаналықтар өз айдынында өткізді. 

Қазіргі таңда «Барыс» 34 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 9-орында тұр.

Михаил Кравец жаттықтыратын қазақстандық ұжым келесі ойынын 30 желтоқсанда «Авангардқа» қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» бүгін елордада «Амурмен» кездесетінін жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью