Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Ярославльдің «Локомотивін» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ярославльде өткен кездесу қазақстандық клубтың 5:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
«Барыс» сапынан Джейк Масси, Кэмерон Ли Дэй, Джастин Бэйли, Максим Шайхмедденов және Семен Симонов бір-бір шайбадан соқты. Ал астаналықтардың қақпашысы Андрей Шутов қарсыласына есеп ашуға мүмкіндік берген жоқ.
Айта кетейік, «Локомотив» бұл кездесуге ҚХЛ көшбасшысы ретінде келген еді. «Барыс» бұған дейінгі ойында Магнитогорскінің «Металлургіне» 0:3 есебімен есе жіберген болатын.