Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ : Ақын Танагөз Толқынқызы ел күтпеген шұғыл мәлімдеме жасады

31.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақын Танагөз Толқынқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Астана қаласы Сарайшық ауданы полициясынан хабарласып, 7 наурыз күні Facebook-та жариялаған "Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды" деген жазбасына байланысты eGov арқылы шағым түскенін хабарлаған.

"Менің үстімнен 7 наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған "Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды" деген постыма егов арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді. Мені 31 наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады. Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Оны өздеріңіз де іштеріңізден біліп, түсініп отырсыздар", – деді Танагөз Толқынқызы.

Ол 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемейтінін, ал жеке кәсіпкерлігін (ИП) табыс болмағандықтан уақытша тоқтатқанын айтты.

"Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын. Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайда екенін білемін. Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді. Сондықтан ойлана келе адвокаттың шығындары мен еңбекақысын төлеуге өзімнің кітаптарымды сатуға шығармақпын. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Бұл – дала заңы. Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек. Егер сіздің жүрегіңіз мені қорғау керек деп шешсе, онда менің кітабымды сатып алып, маған қаржылай демеу беріңіз! Кітап бағасы 8000 теңге. Бірақ әркімнің жағдайы әр түрлі. Біреу 100 теңге, біреу 200 теңге бере алуы мүмкін. Өзіңіз бере алған ақшаға кітабымды қолтаңбамен беремін", – деді ақын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью