Бас прокуратура: А. Тұрлыбай ісін бақылаудан шығармаймыз

30.10.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікті деп танылған Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунды экстрадициялауға күш салады.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, құзырлы орган қазір Нигерия азаматының қайда жүргені жайлы мәліметті күтіп отыр. Бас прокуратура бұл мәселені соңына дейін жеткізуге уәде берді. Еске сала кетсек, 2014 жылы Қытайда қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайдың сөмкесінен есірткі табылған еді. Содан кейін жергілікті сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал 2021 жылы Қазақстанға беру туралы өтінішті қанағаттандырмады. Ал Ақжарқын Тұрлыбай Нигерия азаматы оған Гуанчжоудан Малайзияға брендтік киімдерді жеткізу жөнінде жұмыс ұсынғанын айтқан еді. 

Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Біз бұл мәселені бақылаудан шығармаймыз және экстрадициялау үшін соңына дейін барамыз. Бұл бағытың өз процедурасы бар. Алдымен, интерпол іздестіріліп жатқан адамның тұрғылықты мекен-жайын жерін анықтайды, содан кейін экстрадиция тетігі іске қосылады. Қазір біз күдікті қайда екені туралы мәліметтің анықталуын ғана күтіп отырмыз. Орналасқан жері белгілі болған сәттен бастап бірден экстрадиция мәселесіне кірісеміз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью