Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
– Прокуратура өкілдері CARIN, ARIN, GlobE және BAMIN ведомствоаралық желілерінің жұмысына қатысып, байланыс тұлғалары ретінде қызмет атқарады. 2025 жылы Молдова мен Болгарияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарымен, сондай-ақ Ирландияның Қылмыстық активтермен күрес бюросымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, – делінген ресми хабарламада.
Халықаралық өзара іс-қимыл аясында Қазақстан прокуратурасы Интерполдың жаңа құралдары – «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарламаға» қол жеткізді.
Бұл құралдар мемлекеттерге заңсыз шығу тегі болуы мүмкін шетелдегі активтер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар прокуратура Интерполдың I-24/7 жүйесіне қол жеткізіп, басқа елдердің құқық қорғау органдарымен тікелей өзара әрекеттесу мүмкіндігін алды. Бұл жекелеген тұлғалардың шетелдегі мүлкі туралы ақпаратты алуға және толықтыруға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бұған дейін былтыр мемлекетке қанша заңсыз актив қайтарылды және қаражат қайда жұмсалғанын жаздық.