Бас прокуратура: Курьерлік қызмет атынан келетін жалған хабарламалар көбейді

14.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті, деп жазады Egemen.kz

Шетелдік дереккөздердің ақпараты бойынша алаяқтар жаппай мессенджерлер мен SMS арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған хабарламалар жібереді.
Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімді қайта ресімдеу үшін арнайы параққа көшуді ұсынатыны көрсетіледі.
Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми ресурстарына толығымен ұқсайтын жалған сайтқа апарады.
Пайдаланушыға жеке мәліметтерін, тұрғылықты мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы төлеу ұсынылады.
Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін қылмыскерлер құпия деректермен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын сақтау қажет:
- егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу керек;
- сайт мекенжайын мұқият тексеру керек, алаяқтық ресурстар көбінесе бір немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;
- күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу қажет;
- жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру керек;
- күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау қажет.

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Алаяқтар азаматтардың сенгіштігін және жеткізілім туралы хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. 

Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады

Соңғы жаңалықтар

«Ең алдымен адамдар»: АИТВ-мен ауыратындарды кемсітуге жол жоқ

Медицина • Бүгін, 19:48

Алматыда қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымы ашылды

Қоғам • Бүгін, 19:31

GIZ Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді

Қоғам • Бүгін, 19:20

Ұшқышсыз ұшу аппараттары құтқарушылардың жұмысын қалай жеңілдетті?

Қоғам • Бүгін, 18:39

Соңғы 5 жылда ғылымға салынған инвестиция бес есе артты

Қазақстан • Бүгін, 18:30

Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстанға тиесілі

Инвестиция • Бүгін, 18:18

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 17:37

Елімізде үш ауысымды мектептер саны 4 есе қысқарды

Білім • Бүгін, 17:23

Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді

Энергетика • Бүгін, 17:12

«Келешек мектептері»: Елімізде үш жылда 217 мектеп салынды

Білім • Бүгін, 16:41

Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады

Білім • Бүгін, 16:36

Елде таңбаланған дәрілердің үлесі 40%-ға жетті

Медицина • Бүгін, 16:31

Көкшетауда заманауи көпбейінді аурухана бой көтереді

Медицина • Бүгін, 15:33

Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды

Медицина • Бүгін, 15:22

Ұлттық каталогта тіркелген тауар саны 20 миллионға жетті

Қаржы • Бүгін, 15:09

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью