Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: gov.kz
Заңға сәйкес, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер белгілі бір кандидатты немесе саяси партияны қолдап немесе оған қарсы заң аясында кедергісіз үгіт жүргізуге құқылы. Үгіт жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар, сайлауалды іс-шаралар және үгіт материалдарын тарату арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар телерадио хабарларын тарататын ұйымдарға жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларда үгіт материалдарын жариялауға тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Құрылтай сайлауы: Шетелдегі отандастарымыз үшін 100-ден астам учаске ашылады
Бас прокуратура кандидат немесе олардың сенімді өкілі ретінде тіркелген журналистер мен БАҚ редакцияларының лауазымды тұлғаларының сайлауды ақпараттық жариялауға қатысуына жол берілмейтінін еске салды. Мұндай талапты бұзған жағдайда 20 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау науқаны туралы ақпаратты бұрмаламай, объективті жариялауға міндетті. Кандидаттардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды таратуға да заңмен тыйым салынған.
Заңнамаға сәйкес, барлық саяси партияларға БАҚ-та сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін тең мүмкіндік берілуі тиіс. Ал ақылы негізде үгіт материалдарын жариялайтын БАҚ пен онлайн-платформалар бұл туралы мәліметті алдын ала Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы қажет.
Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушылардың барлығын заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстары 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген.